422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kazakh TV және «Хабар 24» телеарналары Түрікменстанда көрсетіліп жатыр

  • 74
  • UPD: 10:58, 17.11.2020
Kazakh TV және «Хабар 24» телеарналары Түрікменстанда көрсетіліп жатыр

Енді Түркіменстандағы отандастарымыз қазақстандық телеарналарды тамашалай алады.

Себебі «Хабар» агенттігінің телеарналары осы елдің аумағында көрсетілу құқығына ие болды. Осылайша қазірдің өзінде түрікменстандықтар Kazakh TV және «Хабар 24» телеарналарын тамашалауда.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева: «Бұл қадам шетелде өмір сүретін қандастарымыздың мәдени және әлеуметтік байланысының сақталуына әсер етеді деп сенемін», – деп бағасын берді.

Бүгінде Kazakh TV әлемнің 118 елінің аумағында көрсетіледі. Ал оның жалпы көрермендерінің саны 300 млн адамды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы