388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев білім беру саласына ұсынылып жатқан ІТ-жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды

  • 529
  • UPD: 09:54, 01.03.2017
Б.Сағынтаев білім беру саласына ұсынылып жатқан ІТ-жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды фото: primeminister.kz

Білім беру саласындағы перспективті ІТ-жобалар талқыланған Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ауқымды қоғамдық талқылаулар жүргізіп, ұсынылған жүйелердің кемшіліктерін жою шараларын қабылдауды тапсырды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды.

Отырыс барысында ҚР білім және ғылым министрі Е.Сағадиев білім берудің барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерін – Ұлттық білім беру деректері базасы, электронды күнделік, жинақ бухгалтерия және ЖОО-лардың бірыңғай ақпараттық жүйесін біріктіру жоспарланған 4 электронды платформаны таныстырды.

Сонымен қатар білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу мәселесі бойынша министрлер мен Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйледі.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев барлық ұсынылып жатқан жаңалықтар егжей-тегжейлі пысықтауды және педагогика мен ата-аналар қоғамының арасында кеңінен талқылау жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Министрлер мен әкімдердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев білім және ғылым министрлігіне жағдайға талдау жасап, жүйенің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енуіне қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы