384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеке тұлғаларға кедендік шекарадан өтуге қойылатын талап біршама өзгеруі мүмкін

  • 783
  • UPD: 23:36, 13.04.2017

Жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы алып өтетін өз басына қажетті тауарлары үшін қойылатын талап біршама өзгеруі мүмкін.

Қолданыстағы ереже бойынша айына бір рет әуе көлігімен салмағы 50 келі, құны 10 мың еуро болатын тауарға, ал басқа көлік түрлерімен жеткізілетін заттың салмағы 50 келіден, бағасы мың жарым еуродан аспауы тиіс. Сонымен қатар, биылдан бастап жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына енгізілетін критерий саны 17-ден 7 ге қысқарды. Бұл халыққа едәуір жеңілдік туғызады. Еуразиялық Экономикалық Кедендік Одақтіың Үкіметаралық Кеңесінің тапсырмасына сәйкес, жеке қажеттіліктегі тауардың саны, салмағы мен құнының нормалары кезең-кезеңімен реттеледі.

Айбек Үйсінбаев, Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:

- Кедендік кодекс күшіне енгеннен бастап, бір жылдан кейін жеке тұлғалар тауарды өзі әкелген жағдайда 1 жыл өткенде 10 000 еуро, 50 кг дейін, 2 жыл болғанда 750/35 келі, үш жыл өткеннен кейін 500 евро 25 келіге дейін төмендетіледі. Ол кеден кодексі қолданысқа енген күннен бастап есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы