386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Кеңес Одағының Батыры Мұқатай Әбеуұлының 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

  • 1115
  • UPD: 14:58, 09.05.2017

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында Кеңес Одағының Батыры Мұқатай Әбеуұлының 100 жылдық мерейтойы лайықты аталып өтті.

Батыр атындағы мектепте мұражай, ал ауылдың өзінде «Ерлік даңқы» саябағы ашылды. 1941 жылы майданға аттанған сарбаз зеңбірек көздеушісі ретінде алғашқы ұрыстарда-ақ көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Қан майданда 3 рет жараланғанына қарамастан емделген соң от пен оқтың ортасына өзі сұранып қайта барады. Ал 1944 жылы күзде Венгрияны азат ету барысында жаудың 6 танкісін 4 брондалған техникасын талқандайды. Алайда осы ұрыста өзі де шейіт болды. Мұқатай Әбеуұлы атындағы мектепте ашылған мұражайда оның ерлігі жас ұрпақтың жадына құйылады. Алақандай ғана ауыл Сары-қамыстың өзінен қан майданға 127 сарбаз аттанып, оның жартысынан көбі қайта оралмаған. Олардың барлығының есімдері жаңадан ашылған «Ерлік даңқы» мемориалдық ескерткішінің тақтасына жазылды.

Қайрат Нағашбеков, Мұқатай батырдың ұрпағы:

- Біздің ойлайтынымыз, арттағы жас ұрпақтар, осы жас ұрпаққа Мұқатай Әбеуұлының батырлық қасиеті, оның отансүйгіштігі, адамдық қасиеті, адамгершілігі осы жастарға дарысын, келешекте осындай жастарды тәрбиелеу мақсатында өтіп жатқан шара деп есептеймін.

Сейілбек Ысқақов, Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы:

- Келешекте біз атамыздың жатқан жері Венгрияның Махора жерінде ел мен ел арасында байланыс жасап, туған жерінен топырақ апарып, сол кісінің рухына тағзым етсек деген ойымыз бар. Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді деп жатыр ағайындар. Расында елдегі тыныштық пен береке, бірлік, осының бәрі Елбасының ерен еңбегі.

Хабар 24 телеарнасы