386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Халықтың 71,3 пайызы Президент жолдауынан хабардар

  • 366
  • UPD: 17:31, 15.01.2018
Сарапшылар: Халықтың 71,3 пайызы Президент жолдауынан хабардар

Ендігі міндет айқын. Бұл құжаттың мазмұнын ашып, халыққа жеткізу керек.

Сауалнама жүргізген «Нұр Отан» партиясы стратегиялық зерттеулер орталығының өкілдері халықтың әлеуметтік жағдайына да үңіліпті. «Көпшілікті бағаның өсуі толғандырады», – дейді. Оның ішінде азық-түлік құны, коммуналдық тарифтер бар. Жалақының аздығы да өзекті. Ал халық арасында жағдай тұрақты екендігі байқалады.

Салтанат Ермаханова, «Нұр Отан» партиясы СТСЗО Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің меңгерушісі: 

- Негізгі статистикалық мәліметтерді аламыз. Халықтың шамамен жартысы ауыл тұрғындары екенін өзіңіз білесіз. Сондықтан қала және ауыл тұрғындарын біз толықтай қамтимыз. Сіздің көріп отырғаның үш мәселе ауыл және қала тұрғындарына ортақ болып табылады. Жалпы қазақстандық көрсеткіштер.

Хабар 24 телеарнасы