386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Болашақтың мамандықтары: Y, Z заманауи жас буын өкілдері қандай бағытқа дайындалуы керек?

  • 1132
  • UPD: 12:28, 15.02.2018
Болашақтың мамандықтары: Y, Z заманауи жас буын өкілдері қандай бағытқа дайындалуы керек?

Заманауи жас буын өкілдері қандай бағытқа дайындалуы керектігі Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірлесіп өткізетін республикалық ғылыми-практикалық конференциясы барысында талқыға салынады.

Іс-шара алдағы көктемде өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияны өткізудің мақсаты жастар проблемаларын, жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту, білім беру жүйесін жаңарту мен бейімдеу, заңнаманы жетілдіру және жұмысқа орналасу жүйесін дамыту мәселелерін талқыға салатын ортақ алаң құру болып табылады.

Белгілі шетелдік және отандық сарапшылар заманауи жастардың мамандықты таңдауда туындайтын мәселелерімен әлемдік еңбек нарығының үрдісін талқылайды.

Конференция ғылыми зерттеулер жүргізудегі идеялармен және тәжірибелермен алмасуға, әртүрлі ғылыми және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері арасында әріптестік орнатуға мүмкіндік береді.

Конференция жұмысына қатысу үшін жастармен жұмыс істейтін сарапшылар, зерттеушілер, білім беру мекемелерінің басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-зерттеу орталықтары мен басқа да ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Конференция шеңберінде өткізілетін іс-шараларды бірнеше секцияларға бөліп өткізу жоспарланған. Бөлім тақырыптары: «Жұмыспен қамтудың жаңа формалары және болашақ білімі», «Футурология және болашақ мамандықтары», «Заманауи әлемдегі білім: U және Z буынының рухани-адамгершілік мұраттары».

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ISBN нөмірі берілген мақалалар жинағы шығарылатын болады. Толығырақ ақпаратты elzhastary.kz сайтынан алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы