386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 4,5 млн гектардан астам жерге дән егіледі

  • 385
  • UPD: 19:53, 21.04.2018

Ақмола облысында биыл көктемгі егістікке 30 мыңнан астам техника жұмылдырылады. Ал олардың 10 пайызы өнімділігі жоғары жаңа кешендер.

Жалпы өңір диқандары осы жылы 4 млн 700 мың гектар алқапқа дән сіңірмек. Ал егістік науқаны мамыр айының бел ортасында басталады. Аймақта 500 мың тоннадан астам тұқым қоры дайындалған. Одан бөлек Үкіметтен арзандатылған бағада 65 мың тонна жанармай бөлінді. Бүгінде сұйық отын барлық аудандарға таратылып жатыр. Ақмолалық диқандар биыл майлы дақылдардың үлесін арттырмақ. Себебі бұл дақылдар нарықта сұранысқа ие, бағасы да қымбат.

Айта кетейік, елімізде өсірілетін бидайдың 25 пайызы Ақмола облысы шаруаларының үлесінде.

Димаш Таласбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған меморандумға сәйкес майлы дақылдардың үлесін одан әрі көбейтуді көздеп отырмыз. Бірақ ол нақты қанша гектарға артатыны әзірге нақты белгісіз. Себебі барлығы ауа райына байланысты. Сонымен қатар көпжылдық өсімдіктердің үлесі көбейеді. Өйткені өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Сондықтан оларға жем-шөп керек.

Хабар 24 телеарнасы