369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» аясында 300-ден астам жоба жүзеге асады

  • 451
  • UPD: 09:45, 26.05.2018

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 37 миллиард теңге бағытталды. Бұл қаржыға 300-ден астам ірі жоба жүзеге асады.

Атап айтар болсақ, аймақта бірнеше көркем фильм мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің қатысуымен имидждік роликтер түсіріліп шет елдерге экспедиция ұйымдастырылады. Толығырақ Ардақ Айбарұлы баяндайды.

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған қызықты іс-шаралардың бірі ретінде «Жетісу 360 ̊» виртуалды жобасын атап өтуге болады. Әрбір пайдаланушы осы жоба арқылы үйден шықпастан аймақтағы барлық мұражай экспонаттарының қызықты әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ең мықты телеарналардың қатысуымен Жетісудың киелі жерлері жайлы бейнероликтер түсіріліп, ескерткіштердің электронды картасы жасалды. Оған жалпы саны 2300-ден астам нысан енді.

Рустам Алпысбаев, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Біз халықаралық дәрежедегі жұмысты күшейтуді мақсат тұтып отырмыз. Былтыр BBC-мен ролик түсірек, биыл «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта BBC-мен 2-3 ай көлемінде ролик түсіріліп жатыр. Биылғы роликте сакралды жерлер, географиялық жерлер көбірек болады.

Жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында заманға сай ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануда. Бұл бағытта Талдықорғандағы  жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» орталығында елімізге белгілі тұлғалардың қатысуымен келелі кеңестер ұйымдастырылып тұрады. Міне, осындай жұмыстардың арқасында жергілікті кәсіпкерлер «Атамекен», «Туған жер» кіші бағдарламаларына белсендірек қатыса бастады. Қарасай ауданында «Батыр бабалар» мемориалды музейі мен тұңғыш Президентіміздің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы іске қосылды. Аудандарда балабақша, мектеп, спорт кешендері, тұрғын үйлер мен жаңа алаңдар көптеп салынуда.   

Гүлнар Бесбаева, «Рухани жаңғыру» орталығының менеджері.

- 2018 жылға 178 іс-шара мен жобаларды біз өз жоспарымызға қойғанбыз. Енді ол қазіргі уақытта 4 өзіміздің кіші бағдарламаға бөлінген. Олар «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» және бізде «Рухани қазына» деген, соған бөлінген. Жобалық кеңсе осының қалай жүзеге асуын бақылуада ұстап, барлық аймақтағы кеңселермен жұмыс жасап отыр.

Алматы облысында өткен жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 8 мыңға жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Оған 1 миллионнан астам адам қатысты. Алдағы уақытта 243 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалады. Жетісудың киелі жерлеріне апаратын 15 туристік маршрут әзірленген. Маусым айынан бастап еліміздегі өзге облыстар мен шет елдерге ғылыми экспедициялар ұйысмдастырылады.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы