386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Түркістандағы 875 көшенің жиырмасы күрделі жөндеуден өтеді

  • 565
  • UPD: 17:47, 22.06.2018

Түркістанның көлік өткізу мүмкіндігі мол.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізінің Түркістан аумағынан өтетін 141 шақырымдық үзігінен тәулігіне 20 мыңдай көлік қатынайды. Ал қалаішілік автожолдардың жалпы ұзындығы 20 мың шақырымға жуықтайды. Көлік жолдарының 90 пайызы қанағаттанарлық деңгейде. Мамандардың айтуынша, Түркістанда отыз үш мыңдай көлік бар. Шаһар сауда-саттық орталығы болғасын, күніне он бес мыңға жуық көлік келіп-кетеді екен. Мамандар облыс орталығы мәртебесі берілген қалада бұл көрсеткіштер 2 есеге артады деп отыр. Сондықтан шаһардың ішкі жолдарын жаңғырту жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы барлық 875 көшенің жиырмасы күрделі жөндеуден өткізіледі.

Мейрамбек Момбеков, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Шымкент, Отырар ауданы және Кентау қаласы бағытындағы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазір құжаттар әзірленіп, 6 млрд-қа жуық қаржыны қажет етіп отыр. Егер бюджет есебінен қаржы бөлінсе, қаланың басты жолдары дұрысталады. Қаланың бас жоспарына сәйкес, алдағы үш жылдың көлемінде қажетті жолдардың барлығы қайта қалпына келтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы