374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықты жылумен қамтамасыз ету бюджеттен едәуір қаржыны қажет етеді

  • 180
  • UPD: 12:29, 31.07.2018

Қостанай облысындағы Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету ел қазынасына қымбатқа түседі.

Себебі мазут бағасы басқаларға қарағанда шарықтап тұр. Шағын қаланың  жылдық отын қорын жасау үшін  республикалық бюджеттен 1 миллиард тенгеден астам дотация бөлінеді. Жергілікті жылу орталығын көмірге ауыстыру мәселесі әлі күнге бір жақты шешілген жоқ.

Арқалық қаласының жылу орталығы жылына 23 мың тонна мазут жағады екен. Әр тоннасы 64 мың теңге. Көмір бағасынан екі есе қымбат. Қазіргі кезде  екі жарым айға жететін мазут қоры  бар. Қалған бөлігі де  кесте бойынша жеткізіледі деп отыр  қала басшылары. Қазандықты көмірге ауыстыру мәселесі де қаралып жатқан көрінеді.  

Ирнат Мусин, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:

- Әрине, мазуттың қымбаттығы кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық жағдайына  кері әсерін тигізетіндігі түсінікті жәйт. Сондықтан қазандықты көмірге ауыстру жөнінде шешім қабылданды. Қазір қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі оның техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындап жатыр. 2030 жылға дейін Арқалықтың жылу беру жүйесі қайта жабдықталуы тиіс.

Жергілікті сала мамандарының негізгі міндеті - жылуға кететін шығынды  азайту. Осы мақсатта олар бірнеше іс-шараларды қолға алған. 

Нұрлан Алин, Арқалық ЖЭК директорының орынбасары:

- Қаланың жылу жүйесі бастапқыда 100 мың тұрғынға есептелген болатын. Сондықтан құбырлардың диаметрі тым үлкен. Біз өз мүмкіндігімізге қарай күрделі жөндеу жұмыстары барысында құбырлардың бір бөлігін  шағындарына ауыстырдық. Аз да болса, бұл да үнем.

Сондай-ақ жаңа технологияларды да қолдану жоспарда бар. Ол үшін алдымен цифрлық шығын есептегіштерді орнату  көзделіп отыр. Мұндай құралдардың екеуі шамамен 35 миллион тенге тұрады. Қазір қажетті қаражат іздестіріліп жатыр.

Батыр Бекешев, Арқалық ЖЭК директоры міндетін атқарушы:

- Оның артықшылығы сол, температура деңгейі, берілетін мазут көлемі алдын ала бағдарламаға енгізіледі. Барлық процесс автоматты түрде реттеліп отырады.

Шығынды үнемдеудің тағы бір амалы - қосымша турбогенератор орнату. Ол 3 МВт электр қуатын өндіреді. Бұл жылу энергетикалық орталығының өз қажеттілігіне толық жетеді. Енді екіншісін орнатып, электр энергиясының артық бөлігін сыртқа сатуды мақсат тұтып отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Осы категория бойынша: « Таразда мамандандырылған тергеу соты жұмысын бастады Өзбекстанда тауда адасқандар табылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы