369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау саммиті қарсаңында қалада жаяу жүргіншілер жолы төселді

  • 444
  • UPD: 22:12, 09.08.2018

Ақтауда аталмыш саммитке орай дайындық қызу жүріп жатыр.

Теңіз мүйісіндегі жарқабақ үңгірлері тазаланып, 6 шақырым жаяу жүргінші жолы төселді. Табиғи қалпы бұзылмаған ең үлкен үңгір ішіне қазақтың көне таңбалары қашалып жазылған. Түнгі мезгілде жартастарға түрлі-түсті жарық түсіріліп, тарихи деректі фильмдер көрсетіледі. Сондай-ақ бір ай ішінде жаңа жағажайлар пайда болды. Екі шақырымға жуық теңіз жағалауы жөнделіп, амфитеатр салынды. Нысан төбесінде теңіз жылқысының мүсіні орнатылған.

Руслан Сәкеев, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл амфитеатрдың ұзындығы 70 метрді құрайды. Яғни бұл Қазақстанда жоқ деген сөз. Үстінде 1000-ға жуық әртіс өнер көрсетсе, бір шараны 20 мыңға жуық халық тамашалай алады. Каспий «Суын айғыры» апостоментімен халықты игілікке, бақытқа шақырып тұрған, аңыздың негізінде салынған үлкен ғимарат, ғажайып жоба. Бүгінгі таңда ашылайын деп отыр.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында кәсіпкер жерлестеріне арнап спорт алаңын салды Жалтыркөлдегі жолдың алғашқы бөлігі тамызда тапсырылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы