374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Армия-2018»: Қазақстан заманауи қару-жарақ және техника үлгілерін ұсынды

  • 255
  • UPD: 21:46, 21.08.2018

Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешені кәсіпорындары «Армия-2018» форумына қатысты.

Онда келушілердің назарына 120-дан астам заманауи қару-жарақ және техника үлгілері ұсынылды. Отандық делегация осымен үшінші жыл қатарынан аталмыш шараға қатысып отыр. 

Кубинка қаласында өтіп жатқан «Армия» халықаралық әскери-техникалық форумына 18 мемлекеттен 80-нен аса кәсіпорын қатысып жатыр. Бірақ 8 ғана ел өзінің ұлттық экспозициясын ұсынды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Қорғаныс министрлігі және Аэроғарыштық өнеркәсіптің қолдауымен салынған отандық стенд 200 шаршы метрден астам аумақты қамтиды. Мұнда 9 қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерін ұсынды.

Асланбек Сырланов, ҚР ҚАӨМ халықаралық серіктестік бөлімінің басшысы:

- «Армия» форумында өзіміздің 9 мекемемізді көрсетіп жатырмыз. Бүкіл Қазақстанды көрсетіп жатыр. Қорғаныс өнеркәсіпті дамытып, экспортты дамыту жұмысын жалғастыруда ерекше көрме болады. Үшінші рет қатысып жатырмыз, екінші рет – біздің министрликтің қарауымен.

Қайрат Қалманбаев, «Тыныс» АҚ бас директоры:

- Біз шығаратын өнімдер бізден басқа зауыттарда шығарылмайды, өзіміздің технология бойынша істелінеді. Осы форумда жаңа технологиялар, жаңа материалдар пайдалану мәселесін, өзіміздің өнімдерді тұтынушыларға беру туралы келісім жасауға, ары қарай кәсіпорнымыздың болашағын қарастыруға келдік.

Форумға сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы да қатысып жатыр.

Талғат Жанжүменов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Әскери техникалардың жаңа заманауи үлгілерімен танысудан бөлек, серіктестік қарым-қатынасты да реттеп жатырмыз. Біздің әскерімізге қажет тауарларды Қазақстанға тасымалдау мәселесін шешпекпіз. 

«Армия» форумы аясында қазақстандық делегация бірқатар шетелдік серіктестерімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Павлодарда 25 қазан палау әзірленді Түркістан облысында сауыншылар мен малшыларды роботтар алмастыруда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы