369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында 28 көпқабатты үй пайдалануға беріледі

  • 225
  • UPD: 08:34, 23.08.2018

Қызылорда облысында 1 мың 720 пәтерлі 42 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде.

Оның тең жартысы инвесторлардың қаржысы есебінен салынып жатыр. Мамандар жыл соңына дейін 1 мың 152 пәтерлі 28 тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жаңа баспананың 18-і Қызылорда қаласының сол жағалауынан бой көтерді. Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева осы жаңа қала аумағындағы құрылыс нысандарымен танысты. «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын саралады. Атап өтейік, облыста тұрғын үй кезегінде 27 мың адам тұр. Оның 23 мыңы Қызылорда қаласының тұрғындары.   

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Республика көлемінде қарағанда Қызылорда облысы осы аумақтардың ішіндегі Мемлекет басшысының бағдарламасының жүргізуде ең алдыңғы қатарда болады деген үмітіміз бар. Өйткені бағдарлама арқылы несиелер беріліп, азаматтардың оған қолжетімділігі болған жағдайдың өзінде, құрылыс болмаса, тұрғын үйлер салынып жатпаса, онда ол қаржыға қандай үй алуға болады.

Осы категория бойынша: « «Серпін-2050»: Ақтөбе облысында 124 жас маман жұмысқа қабылданады Алматыда көздің жұқа қабығы жаңа технологиямен ауыстырылуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы