374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты жетісулық ұстаздармен жүздесті

  • 165
  • UPD: 23:48, 27.08.2018

Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепте болып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Басқосуда мектептің түйткілдерімен қатар мұғалімдердің де көкейтесті мәселелері сөз болды. 1985 жылы салынған бұл білім ошағында осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. 1106 орынға арналған аралас орта мектепке биылғы жаңа оқу жылында 2148 бала келгелі отыр. Бұл бүгінгі талапқа сай емес. Депутат бұл мәселенің шешілуіне барынша атсалысатынын жеткізді. Сондай-ақ мектептерде психолог мамандар мен жасөсіпірімдер инспекторларының штатын көбейту жайы айтылды. Өз кезегінде ұстаздар қауымы жалақыларының әлі де мардымсыз екенін, жас мамандарға жеңілдікпен баспана берілсе деген ойларын жеткізді. 

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бала тәрбиесіне мектеп мұғалімдері ғана емес, ата-ана да жауапты. Әр баланың қалыптасуы, қоғамдық ортаға араласуы ата-ананың басты назарында болуы тиіс. Өйткені қазір түрлі ақпарат тарататын әлеуметтік желілер көп. Сондай-ақ балалардың жүйкесіне әсер ететін және олардың болашағына қауіп төндіретін интернет сайттарды  бұғаттау мәселелерін де қарастырдық.

Осы категория бойынша: « Қазақстан неміс туристерін қайран қалдырды Қарағандыда жәрмеңкеге келген 200 адам жұмыс тапты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы