374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кондитерлік өнімдердің сапасын бақылау күшейтіледі

  • 270
  • UPD: 23:39, 07.09.2018
Кондитерлік өнімдердің сапасын бақылау күшейтіледі

Кондитерлік өнім өндірушілердің зияткерлік меншік құқығы қорғалуы керек.

Қостанайда өткен қазақстандық кондитерлерінің кездесуінде осы мәселе көтерілді. Отандық нарықта белгілі брендттердің атын жамылушылар көбейіп барады. Мысалы, былтыр зияткерлік құқы қазақстандық компанияларға тиесілі кондитерлік өнімдердің елімізге сырттан тасымалданғаны анықталды. Нақты он дерек тіркелген. Сала мамандары осындай жағдайлардың алдын алу үшін шетелдерден әкелінетін тәттілердің сапасына бақылауды күшейту қажет деп санайды.

Әлихан Талғатбек, Қазақстан кондитерлер қауымдастығының президенті:

– Ондай проблема бар. Сертификатты жамылып, кез келген дүниесін импортқа шығарады. Менің ойымша, біздің Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені бақылауында ұстауы қажет. Қазақстанға шетелдік 5-6 компания ғана өз өнімдерін шығарады. Міне, соларды қадағалап, қарау керек. Олар өндірісте қандай қоспалар, қандай май қолданады? Оны ешкім білмейді.

Осы категория бойынша: « «Армия-2018». Қазақстандық әскерилер үздіктер қатарында Қазақстанның жемқорлыққа қарсы тәжірибесі Венада таныстырылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы