364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысының өндірістік әлеуеті артып келеді

  • 257
  • UPD: 22:14, 14.09.2018

Еліміздің индустриялық орталығы атанған Ертіс өңірінде экономика мен әлеуметтік салада оң өзгерістер бар.

Өндірістік әлеует артып, ауыл шаруашылығында жаңашыл технологиялар енгізілуде. Павлодар облысы білім беру мен денсаулық сақтау салаларын цифрландыру бойынша республикада көш басында тұр. Бұқаралық спортты дамытудағы жетістіктер де бір төбе.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» жүктелген мақсат-міндеттер табысты жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе, ауылдағы ағайынның көңілі тоқ. Нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, келешегі зор жобалар тізімі әзірленген.

Нұралы Қабиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Төртінші бастамадағы тапсырмаларды орындау мақсатында қосымша 600 млн теңге бөлінді. Жыл басынан бері 219 шағын несие берілді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында 300-ден астап жаңа жұмыс орны ашылды.

Елімізде онкологиялық ауруларға шалдығу бойынша Ертіс өңірі көш бастап тұр. Былтыр көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 316 адамды құрады. Мамандардың айтуынша, соңғы екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 9%-ға төмендеген. Бүгінде онкологиялық қызметті дамыту мақсатында 200 орындық кешен бой көтеруде.

Ораз Мұқашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бүкіл емханаларда дәрігерлер, жеке онкологтар бар. Тек қана осы онкопатологиялармен айналысатын, тек сол жұмыстарды істейтін. Цифрлық маммографтар алып жатырмыз, жаңадан флюорографтар алып жатырмыз. Ол ертерек бірінші, екінші стадияда бізде онкопатологияларды ертерек біліп, ертерек емдеуге мүмкіндік береді. Қызметтері сол.

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. Ертіс өңірі халқының 30%-дан астамы бұқаралық спорпен шұғылданады. Яғни 228 мың адам спортқа бет бұрған. Осылайша, 2020 жылға дейінгі жоспар мерзімінен бұрын орындалды. Көрсеткішті арттыру мақсатында спорттық инфрақұрылым дамуда.

Марат Айдашев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жабық футбол манежі, олимпиадалық резерв дайындығы орталығы салынып жатыр. Сонымен қатар халықаралық стандарттарға сай ескекті есу арнасы, триатлон парк және бассейн бой көтеруде. нысандар алдағы екі жылда қолданысқа беріледі.

Өндірістік аймақтың агроөнркәсіптік әлеуетіне де басымдық берілген. Суармалы жер шаруашылығын дамыту мақсатында алдағы бес жылда 210 мың суармалы жер алқабы айналымға енгізілмек.

Нұрболат Мақашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда Елбасының биылғы жылғы жолдауында еңбек өнімділігі және экспорт көлемін 2,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасы қойылған. Осы тапсырма шеңберінде бүгінгі күні бес жыл аралығында 210 мың гектарға көбейту жоспарланған.

Павлодар облысы – еліміздің өндірістік аймағы. Бүгінде Ертіс өңірінде еліміздің дамуына серпін берер қара және түсті металлургия, тау-кен және энергетикалық алып кәсіпорындар орналасқан. Үстіміздегі жылдың алты айында облыстың өндірістік ошақтары 1 триллион 119 млрд теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі жыл санап артуда.

Айта кеткен жөн, биылғы жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 8 ілкімді жоба жүзеге асырылуда. 122 млрд теңгені құрайтын жоспар шеңберінде мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий

Осы категория бойынша: « Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды «Junior Eurovision 2018»: Ержан Максим әлемнің 4 елінде өткен ән байқауында топ жарған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы