389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 1 миллионнан астам адам бейресми жұмыспен қамтылған

  • 724
  • UPD: 09:57, 03.10.2018
Қазақстанда 1 миллионнан астам адам бейресми жұмыспен қамтылған

Жыл басынан жұмыспен қамтылған азаматтар саны 8 млн 600 мың адамға жетті, оның ішінде 6,5 млн – жалдамалы жұмыскер және 2 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жалпы республика бойынша еңбекке тартылғандардың 16%, яғни 1 млн 376 мың адам бейресми жұмыста жүр. Оның ішінде 800 мыңға жуық жалдамалы жұмыскер, еңбек шартынсыз жұмыс істейді. Ал 588 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бейресми жұмыс істейтіндердің қызметін заңдастыру үшін салық органдарында тіркелудің жеңіл түрін көздейтін Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы