360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысы қыс мезгіліне дайын ба?

  • 152
  • UPD: 23:21, 12.10.2018
Атырау облысы қыс мезгіліне дайын ба?

Атырау облысына қарасты Мақат, Доссор кенттері орталық жылу жүйесіне қосылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір екі кенттегі 99 көпқабатты үй жеке қазандықтармен жылытылып отыр. Алайда дербес қазандықтарды пәтерге орнатудың өзіндік ережесі бар. Олар газбен жұмыс істейді, салғырт қараса, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Осыған орай аудандық әкімшілік жанынан арнайы комиссия құрылып, үй-үйді аралап, қысқа дайындығын тексеруде.

Болатбек Сәрсен, аудандық ТКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

– Бүгінге дейін 25 көп қабатты үй тексеріліп, 4 пәтерге ескерту берілді. Оны жылу маусымы басталғанға дейін жою жөнінде ескерту жасалды. Аудан бойынша көпқабатты үйлердің барлығына дербес жылу қазандықтары орнатылған. Қазіргі таңда бұлардың барлығы заңды.

Хабар 24 телеарнасы