387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте үш тілде білім беретін 2 нысан ашылды

  • 616
  • UPD: 14:32, 28.12.2018
Шымкентте үш тілде білім беретін 2 нысан ашылды

Шымкентте мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қос бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш тілде білім беретін екі ғимараттың да ашылу салтанатына қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы қатысты. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 320 орындық балабақшаның құрылысы өткен жылы басталды. Бөбекжай соңғы талаптарға сай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда әр топқа арналған ойын алаңшалары мен қысқы-жазғы шомылу бассейндері бар. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі үшін барлық бөлмелерде және балабақша аумағына бейнебақылау камералары орнатылған. Жаңа нысанда 100-ден астам жұмыс орны құрылды.

Бұдан бөлек, осы күні Сайрам тұрғын үй алабында 900 орындық жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды.  Мектепте балалардың толыққанды білім алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Оқушылардың қолөнермен, тігін тігумен айналысуына, түрлі өнер үйірмелері мен спорттық шараларға қатысуына мүмкіндіктері бар. Айта кетейік, жалпы шаһарда мемлекеттік және жекеменшік 147 мектеп болса, оларда қазіргі таңда 200 мыңға жуық бала білім алады.

Ақерке Абылайхан, қалалық білім басқармасының басшысы:

- Оқушылар саны бүгінгі таңға 197 мың болатын болса, 2023 жылға дейін біз қосымша 60 мыңға дейінгі балаға жалпы оқушыларға мектептер қажет. Келесі жылы республикалық бюджеттен 10 мектептің құрылысын салуға бүгінгі таңда қаражат қарастырылған. Оның қазір 5-інің конкурсы аяқталды. Сондықтан бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау.

Хабар 24 телеарнасы