385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ел Арна» «Шіркін, өмір» фильмін көрермен назарына ұсынады

  • 1303
  • UPD: 15:30, 31.12.2018

«Ел Арнада» жаңа туындының тұсауы кесіледі.

«Шіркін, өмір» деген атаумен қалың көрерменге жол тартатын қысқаметражды фильм адами құндылықтарды дәріптейді. Шытырманға толы шығармаға жаныңдағы жандарға ұдайы жақсылық жасау, мейірім танытып, қамқор болу қасиеті арқау етілген. Түсірілімге кәсіби актерлардан бөлек, танымал тележүргізушілер және ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндер қатысыпты. Бұл – «Ел Арна» ұжымының алғашқы қысқаметражды туындысы. Көптің көкейіне ой салатын фильмді бүгін кешкі сағат 22:00-да «Ел Арна» эфирінен көре аласыздар.

Еламан Есентаев, режиссер:

– «Ел арна» телеарнасынан осындай ұсыныс түсті. Бірден келісе кеттім. Бұрын да түсіргенмін, бірақ телеарнамен түсірген алғашқы жұмысым болмақ. Жұмысқа бірден кірісіп кеттік.

Арайлым Атагельдиева, «Ел Арна» телеарнасының шеф-редакторы:

– Фильм Астана қаласында түсірілді. Шамамен 2 аптадай тынбай еңбек еттік. Түсірілім жұмыстарына бірнеше нысан таңдалып алынды. Соның бірі – Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы. Ондағы бүлдіршіндердің көңіл аулау үшін фильмге қатысушылар тосын сый әзірлеп, балаларға базарлық дайындады.

Хабар 24 телеарнасы