427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компаниясына айыппұл салынды

  • 960
  • UPD: 14:29, 16.01.2019
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компаниясына айыппұл салынды

Елордада құрылыс қоқыстарын тастаған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Қала аумағында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шараларды күнделікті жүргізіп отырады.

Есіл ауданы ПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аумақты тексеру барысында «Nova City» тұрғын үй кешенінің аумағына «ASTANA-ТRADE DEVELOPMENT» құрылыс нысанынан шығарылған құрылыс қоқыстарын тастаған «КАМАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1967 жылы туған Ш. есімді азаматты ұстады.

«Азамат Ш. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабын «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын  абаттандыру қағидаларын бұзу...» бұзғаны үшін 30 АЕК (75 750 тенге) көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген хабарламада.

Астанада бақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Астана-СтройДизайн» ЖШС40 АЕК (101 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы