420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да соңғы екі тәулікте бір айлық көлемдегі қар жауды

  • 977
  • UPD: 23:05, 18.01.2019

Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі тәулікте 1 айдың көлеміндегі қар түсті. Сондықтан коммуналдық мекемелер тоқтаусыз жұмыс кестесіне көшіп, барлық техниканы жұмылдырғанымен, тазалап үлгермей жатыр.  Әсіресе шеткі аудандардағы көшелер мен аялдамалар қарға әлі  көміліп тұр. Жалпы осы қыста Өскемен қаласынан 100 мың текше метрден астам ақ ұлпа шығарылған. Ал тұрғындарға үйлер мен биік ғимараттардың шатыры мен ернеулерге қатқан мұз қауіп төндіріп тұр. 

Былтырғы қазан мен қарашада қатты қара суық болмаса да, қар аз  болды. Тек желтоқсанның соңы мен қаңтарда толассыз жауды. Соңы екі аптада  қаланың тазалығына жауапты коммуналдық мекемелер тоқтаусыз  жұмыс істеп жатыр.

Олжас Керейхан, тілші:

-Қараша айынан бері қаладан 102 мың шаршы метр қар шығарылған. Ол үшін 80-нен астам техника және 300 ге жуық адам жұмылдырылған. Дегенмен соңғы екі тәулікте аймақта 20 сантиметрден астам қар жауып қалды. Сондықтан коммуналдық мекемелер  орталық көшелер болмаса  шеткі шағын аудандардағы қарды тазартып бітпей  жатыр.

Кейбір автобус аялдамаларының маңындағы қар әлі жатыр. Бұл әсіресе таңертең-кешке көлік нөпірі мен адам санны артқан кезде қоғамдық көліктердің қозғалысына қиын.

  1. Ең бірінші аялдамаларды алып тастаған дұрыс деп ойлаймын.Өйткені қатарынан автобустар  аялдамаға тоқтаған кезде, бері жақтан отыра алмай үлкен кісілірге  ыңғайсыз, жағдай тудырады.
  2. Орталық көшелерді ғана тазалайды. Шеттегі жолдар сол қалпы жатыр. Биыл ондай көп емес қой. Шеттегі жолдармен жаяу жүру мүмкін емес.

Қарды уақытында шығару  үшін техника мен жұмысышыларды бірнеше аумаққа бөлген. Дегенмен негізі  күш орталық көшелерге жұмылдырылады.

Ардақ Әбілдинов, коммуналдық мекеме директорының орынбасары:

- Қаланы тазалау күндіз-түні жүргізіліп жатыр.Мысалға  бүгін түнде  59 техника шықса, қазір 70 техника көшеде жүр.

Дегенмен, өскемендіктер қардың қалыңдығы емес, ғимараттардың төбесі мен үйлердің кіреберісіне қатқан мұздан қорқып отыр. Ақсүңгіні  ою жеке пәтер иелері кооперативінің міндеті. Бірақ  көбісінде мүмкіндік жоқ. Талай жылдан бері кооператив төрайымы болып келе жатқан Жазира Шәкенова мұзды түсіретін  альпинисті жалдау өте қымбат екенін айтады.  Ал тұрғын-үйлердің бірінші қабатындағы жеке кәсіп иелері мұзды оюға көмек көрсетпейді. Тіпті қарсы болатындары  бар.

Жазира Шәкенова, жеке пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

- Бірінші қабаттағы  кәсіпкерлер жұмыс ісітегісі келмейді. Өйткені үй біздікі. Үй сіздердікі дейді. Ал олар өздерінің жұмысы өздерінде. 

Өскеменде қазір 1704 көп қабатты үй бар. Көбісі өткен ғасырда салынған. Мұз осы шатыры ескі үйлерге көп қатады. Күнделікті тазалауға қауқарсыз. Сондықтан қауіпсіздік белгілерін қоюдан аспай отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы