425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 282 жеделсатыны ауыстыру керек

  • 1420
  • UPD: 14:04, 25.01.2019
Ақтөбеде 282 жеделсатыны ауыстыру керек

Ақтөбедегі жеделсатылардың жартысы адам өміріне қауіпті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ескі лифтілерді жаңарту үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы керек. 282 көтергіш механизмнің қызмет ету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарда бар. Өткен жылдың соңында 5 жедалсаты ауыстырылды. Оған жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінген. Бұл қайтарымы бар қаражат. Яғни әр лифтіні алуға 8 млн теңге жұмсалса, тұрғындар ай сайын 3000 теңгеден қайтарып отырады. Жалпы, 3 жыл бұрын терможаңғырту бағдарламасымен 35 жеделсаты жөндеуден өткен. Тұрғын үй инспекциясына тағы 50 үйдің тұрғындарынан өтініш түсіп тұр. Лифт шаруашылығындағы тағы бір мәселе-көтергіш механизмді сапалы жөндейтін маман тапшы.

Владимир Величко, қала тұрғыны:

- Ескі жеделсаты шайқалып тұратын. Сықырлаған дауысының өзі қорқынышты еді. Қазір жаңа лифті жақсы жұмыс істеп тұр. Тез келеді, тез көтеріледі. Жаңаның аты жаңа, тұрғындар қуанып жүр.

Асхат Дүшкенов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:

- 34 лифт техникалық себептерге байланысты жұмысын тоқтатып тұр. Және 282 лифт нормативтік қызмет мерзімі өтелген болып табылады. Қазіргі таңда біздің бөлімнің тарапынан жаңғырту бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Аталмыш шара бойынша жұмыстар осы жылы жалғасады. Яғни қабылданған арыздар осы жыл ішінде ауыстыруға жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы