431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы екі тәулікте аяз сақталады

  • 973
  • UPD: 12:55, 06.02.2019
Қазақстанда алдағы екі тәулікте аяз сақталады kznews.kz

Синоптиктер 7-9 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша алдағы екі тәулікте аяз сақталады.

«Қазақстанның батыс облыстарына жылжып келе жатқан атмосфералық фронттар Қазақстаннын басым бөлігіндегі қатты аязды тудырған арктикалық ауа массаларымен бірге антициклонды ығыстыра бастайды. Алдағы екі тәулікте республиканың басым облысында аномальді суық ауа райы сақталады. Бірақ атмосфералық фронттардың шығысқа қарай ауысуымен елімізде қайтадан қар жауу, бұрқасын, күшті батыс желі және температураның жоғарылауы күтіледі», - деді синоптиктер.

Хабар 24 телеарнасы