383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы мектеп музейлерінде жәдігерлерді цифрландыру жүріп жатыр

  • 533
  • UPD: 21:52, 08.02.2019

Ақмола облысында мектеп жанындағы музейлерде 31 мыңнан астам экспонат сақтаулы тұр. Өткен жылдан бастап оларды цифрландыру жұмысы жүргізілуде. Бас-аяғы бір жылда осы мектеп музейлеріне 7 мыңға жуық экскурсия жасалған. Жалпы қазір облыстағы 560 мектептің жартысында өз музейі бар.

 Мария Журба, Көкшетау қаласы №6 орта мектебінің оқушысы:

- Біздің шағын музейде құнды экспонаттар бар. Бұл көне фотолар, тарихи құжаттар мен хаттар және қолжазбалар. Атап айтсақ, бізде 600 құжаттың түпнұсқасы сақтаулы тұр. Ал мұндай жәдігерлер мектеп музейлерінде сирек кездеседі. 

Марина Ли, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Қазір біздің мектептерде 223 музей бар. Оларда тек құнды құжаттар ғана емес, жергілікті жердің тарихынан сыр шертетін материалдар бар. Олар өлкетану жұмыстарының аясында табылған. Осылайша мектеп музейлері, оқушылардың ғылыми жұмыстарға деген қызығушылықтарын оятып отыр.

Хабар 24 телеарнасы