379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тасқынға тосқын қою шаралары басталды

  • 1178
  • UPD: 15:27, 12.02.2019

Қала аумағындағы қалың қарды шығаруға жол пайдалану кәсіпорнының 100-ден астам техникасы мен 300-дей жұмысшысы жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыс басталғалы қаладан 500 мың текше метрден астам қар шығарылыпты. Бұл іске барлық мекеме-ұйым қызметкерлері мен кәсіпкерлер және ерікті жастар да атсалысты. Қала сыртында ақ ұлпаны төгетін 5 арнайы орын бар. Қазіргі таңда қала мен барлық облыс аумағында еріген қар суынан келетін қауіп бұлтын сейілту бағытындағы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.  

Ақболат Қатешов, жол пайдалану кәсіпорнының өкілі:  

- Қаламызда қауіпті аймақтар бар. Жаңа атап өткендей, Зачаган кентінде, Сарытауда, Жұлдызда. Егер күндіз еріп, түнде қататын болса, бұл бағыттағы жұмыстарды біраз қауіпсіздендіреді. Дегенмен осы қауіптің алдын алу мақсатында қазір серіктестіктің барлық техникалары қаланың орталығы, әсіресе жеке тұрғын үй секторында толассыз қар тазарту жұмыстарын жүрігізіп жатыр.  

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:    

- Резервте 93 мың қабымыз бар, 63 тонна ЖЖМ бар, көктемде жетеді деп ойлап отырмыз. Өзендердегі мұзды жармаймыз, жарғаннан гөрі құралдармен мұзды кесіп, ойып алып тастаймыз. Кезінде болмап еді, былтыр 2017-2018-де үшеуін сатып алдық.

Хабар 24 телеарнасы