378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ертіс өңірінде алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің жұмысы күшейтілмек

  • 238
  • UPD: 21:23, 01.03.2019
Ертіс өңірінде алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің жұмысы күшейтілмек

Павлодар облысында алғашқы медициналық-санитарлық қызметтің жұмысы күшейтілмек. Мемлекет басшысының Nur Otan партиясының съезінде айтқан тапсырмалары шеңберінде мамандар арнайы жоспар әзірлемек.

Басты мақсат - жүрек-қан тамырлары жүйесі, онкологиялық аураларды алдын алу және ерте диагностика жасау. Жалпы, биылғы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 50 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл - былтырғы жылға қарағанда 7,7%-ке  артық көрсеткіш. Аймақтың медицина саласында атқырылар іс көп. Мәселен, облыстық жедел медициналық көмек көрсету станциясы халықаралық стандарттарға сай жұмыс істейді. Қазір орталық дәрігерлері бір жылдың ішінде үш мыңнан астам күрделі операция жасайды. Сонымен қатар онкологиялық қызметті дамытуға да баса назар аударылған. Бүгінде 14 корпустан тұратын алып онкологиялық диспансер салынып жатыр. Оның құрылысына  мемлекет бюджетінен 7 млрд. теңге бөлінген. 

Турахан Молайханов, облыстық кардиологиялық орталықтың рентгенолог-дәрігері:

- Бүгінде кардиоорталықта  жас мамандарға көмек көрсетіліп жатқанын біз сезініп жатырмыз. Яғни «7-20-25» программасы бойынша пәтерлер алып жатыр дәрігерлер. Олар қолдап жатыр. Тағы да осы бюджеттік сала жұмысшыларының жалақысы 30% көтерілейін деп жатыр.  Біз қолдаймыз. 

Эльмира Батретдинова, облыстық кардиологиялық орталығы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Алдағы уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мен алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаржы 40%-тен 60%-ке артпақ. Бұл әлем мемлекеттерінің озық тәжірибесі. Біздің еліміз де бұл бағытта дамымақпыз. Денсаулық сақтау саласы оң жолға қойылса, ұлтымыз сау болады.

Хабар 24 телеарнасы