380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы ұлттық музейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 баланың тұсауы кесілді

  • 152
Астанадағы ұлттық музейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 баланың тұсауы кесілді

Елордадағы ұлттық музейде «Наурыз – жаңару нышаны» мерекелік шоу-бағдарламасы өтіп жатыр.

Шара аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 7 баланың тұсауы кесілді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, тарихшы Жамбыл Артықбаев сияқты ел алдында жүрген азаматтар рәсімге қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Бұдан бөлек, музей қонақтарының назарына «Наурыз – жаңару нышаны» мерекелік шоу-бағдарламасы ұсынылды. Айта кетейік, «Тұсаукесер» қайырымдылық жобасы осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Игі шара келер жылы да жалғасын таппақ. 

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары:

– Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрімен балалардың тұсауы кесілді. Балалардың болашақта ата-аналарын кездестірулерін тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы