379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық полицейлер жүргізушілерге бауырсақ таратты

  • 282
  • UPD: 21:57, 19.03.2019
Түркістандық полицейлер жүргізушілерге бауырсақ таратты

Түркістандық полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, бауырсақ ұсынып жатыр. Әрі жол ережесін сақтап, тәртіп бұзбауға шақырады.

Бұл шара наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары күре жолдың бойында әрбір көлікті тоқтап, жүргізушілерді наурыз мерекесімен құттықтап, жолдағы қауіпсіздік ережесі жазылған парақшалар таратты. Мақсат азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Азаматтардың жеке жауапкершілігін сезіндіріп, жол апатының алдын алу. Акция барысында әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мен жол-техникалық инспекциясының мамандары жүргізушілер мен жолаушылардың  сауалдары мен өтініштеріне жауап берді. Акция аясында «Автоураган» жылжымалы кешені де өз мүмкіндігін көрсетті. 

Бақытжан Маханов, жүргізуші:

- Тоқтатқан кезде түсінбеушілік болды. Қандай норушение істеп қойдық деп. Жол полициясынан бұндайды бірінші рет көруім. Өте қуаныштымыз. Осындай шаралар көп болса, халықты да қуантады. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Алмасхан Тастанбеков, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы:

- «Автоураган» кешенінде ІІМ деректер базасы бар. Азаматтарға әкімшілік практика немесе тіркеу емтихан бөлім саласы бойынша кәсіби көмектер көрсетіледі. Біздің полиция қызметкерлеріне қатысты қандай сұрақтар бар, жол қатысты сұрақтар, талап-тілектер болса  олардың бәрін жазып алып, жоюға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы