379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

  • 185
  • UPD: 14:43, 28.03.2019
<span class=favorites>Назарбаев тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты </span> Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруына байланысты қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы салдарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды.

Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

Хабар 24 телеарнасы