379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуына не кедергі?

  • 109
Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуына не кедергі?

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында әкімшілік кедергілер көп, сыбайлас жемқорлықтың қаупі де жоғары.

Көп жағдайда кәсіпкерлер жобаларын өткізе алмай әуреге түседі. Ал әкімдіктегілер тапсырысқа өз таныстарын тартады. Бұл жайында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында айтылды. Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменовтың сөзінше, осы саладағы жобалар білім, денсаулық жүйесімен ғана шектеледі. Ал сумен қамту, энергетика, көлік, жол құрылысы, туризм сияқты салаларда ортақ жобалар қолға алынбайды. Соңғы үш жылдың ішінде осы бағытта бірде бір жоба іске аспаған. Оған әкімшілік кедергілер жол бермей отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке қатысты 600-ге жуық келісімшартқа қол қойылған.

Нұрлан Құдайбергенов, «Атамекен» ҰКП тексеру комиссиясының төрағасы:

– Шағымдар түскен себебі, кәсіпкер нысанын таңдауда болып тұр. Қазір бәсекелестік көбейген сайын мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылары, үйлестірушілері басқа жолмен өздерінің таныстарын тартады деген әңгіме қозғалуда. Оны алу үшін кәсіпкерлер палатасының мүшелері сол комиссияның мүшелері болуы керек.

Айдос Көбетов, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ президентінің орынбасары:

– Қазіргі таңда кедергілер де бар. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік жобаларды тартуға қатысты ең бірінші бюджетті жеңілдету мәселесі болса,оны бюджеттен қарызды өз мойнына алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы