377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай Ақтауда халықаралық театр фестивалі өтеді

  • 155
Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай Ақтауда халықаралық театр фестивалі өтеді

Жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай биыл Ақтауда халықаралық театрлар фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Әбіш әлемі» деп аталатын мәдени шара қыркүйек айына жоспарланып отыр. Оған Иран, Түркия, Ресей, қырғыз, өзбек және Түрікмен елінен тоғыз театр ұжымы қатысады деп күтілуде. Фестиваль ережесіне сәйкес, Кекілбаев туындылары мен аудармаларына қойылған спектакльдер көрермен назарына ұсынылады. Осы орайда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театр ұжымы екі бірдей жаңа қойылым әзірлеп жатыр. Айта кетейік, 2016 жылы өткен республикалық фестивалде маңғыстаулық әртістер жазушының «Шыңырау» повесін сахналап, жеңімпаз атанған болатын.  

Нұрнияз Мұқанов, облыстық музыкалық-драма театрдың директоры:

– Фестиваль қыркүйектің 12-16 аралығында өтеді. Оған Мәдениет министрлігінен қолдау көрсетілген, рұқсат алынған. Біз Әбіштің үш шығармасын сахналадық. Әбіш ағамыз Шекспирдің бірнеше шығармасын аударған. Сол аудармаларын ойнайтын ұжымдар келеді.

Авторы: Талғат Исламұлы.

Хабар 24 телеарнасы