377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елде тұрақтылық болу үшін президентті өзіміз сайлауымыз қажет – қоғам белсенділері

  • 91
  • UPD: 10:20, 10.04.2019

«Елімізді халық сайлаған Президент басқаруы тиіс. Сонда ғана ел тұрғындарының билікке деген сенімі артып, алға қойған ұлы мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік туады», - дейді маңғыстаулық қоғам белсенділері.

Көп балалы аналар қоғамының белді мүшесі, «Жанартау» жастар шығармашылық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Анар Шамшадинова Елбасы Конституциямызға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік билікті қолына бергенімен, ол уақытша Президент ретінде қабылданып отырғаны жасырын емес екенін айтады. «Ал елде

Анар Шамшадинова, «Жанартау» жастар шығармашылық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, қоғам белсендісі:

- Елімізде кезектен тыс сайлау өткізу өте өзекті, өте уақытында деп ойлаймын. Өйткені еліміздің Президенті нақты белгіленсе, тағайындалса, онда жұмыстарымыз да жақсы жүреді. Президентіміз бүгін ғана айтып кетті, әлем Қазақстан мемлекетімен санасады деп. Шындығында, экономикалық-әлеуметтік жағынан даму үшін, алға жылжу үшін өзіміздің Президентіміз болуы керек. Әсіресе, қазір мен айналысып жүрген көп балалы аналардың әртүрлі әлеуметтік мәселелері, баспанасыздық жағдайы өте күрделі болып тұр. Менің ойымша, осы сайлаудан кейін елімізде үлкен-үлкен өзгерістер болып, халқымыз таңдаған, халқымыз қалаған Президентіміз келеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы