388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда дауылдан келген шығынды комиссия анықтайды

  • 318
  • UPD: 07:37, 13.04.2019
Атырауда дауылдан келген шығынды комиссия анықтайды

Атырау қаласында қатты желдің салдарынан келген шығынды қалалық әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс орталығында дауыл тұрып, Құнанабаев көшесіндегі көп қабатты үйдің 125 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен болатын. Шатыр сол көшемен өтіп бара жатқан автокөліктерді басып қалды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жедел жетіп, қозғалыс толық қалпына келтірілді.

Ұлықбек Тінәлиев, қала әкімінің орынбасары:

– Адам шығыны тіркелген жоқ. Үш автокөлік иелеріне шығын келтірілді. Қазір бағасы шығарылып, әрі қарай арнайы комиссия шешім қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы