377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысына әр өңірден 200 жас шекара шебін күзетуге шақырылды

  • 157
  • UPD: 07:28, 24.04.2019
Маңғыстау облысына әр өңірден 200 жас шекара шебін күзетуге шақырылды

Каспийдегі қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, ел шебін күзету үшін Маңғыстау облысына әр өңірден 200 жас шақырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бір жыл бойы №2018 және 2201 А әскери бөлімдерінде отан алдындағы борыштарын өтемек.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген жастар үшін алғашқы әскери дайындық басталды. Олар алдымен есірткі заттарын табу, қызметтік иттің көмегімен мемлекеттік шекараны бұзған азаматтарды ұстау тәсілдерін үйренді.  Қызмет барысында қолданатын қару-жарақ пен техника құралдарымен танысты. Сайдың тасындай іріктелген жігіттер  сүңгуірлер тобының қызметін де тамашалады. Әскерге шақырушылардың дайындығына Ақтаудағы мектеп оқушылары да шақырылды. «Мақсат – оларды қазірден әскери өмірдің қыр-сырымен таныстырып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру»,-дейді әскерилер.

Бекнұр Әбдікерім, матрос:

– Біз матростар әскери оқу-жаттығу кезінде біліктілігімізді арттырып қана қоймай, үйренгенімізді әскери кемелер мен катерлерде дәлелдеуге, отан алдындағы борышымды адал атқаруға, Тәуелсіз еліміз Қазақстан шекарасын батыл қорғауға, үйімізге абыроймен қайтуға әзірміз.

Саят Шубаев, №2018 әскери бөлімінің командирі:

– Азаматтар оқу орталығындағы дайындау бағдарламасы біткеннен кейін шекара заставаларына, камендатураларға және шекара кемелеріне бөлінеді. Қызметтерін келесі жылдың көктеміне дейтін атқарады. Өйткені заңмен қызмет ету мерзімі 1 жыл болып белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы