384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада HR саласы мамандарының халықаралық конференциясы басталды

  • 592
  • UPD: 22:19, 25.04.2019
Елордада HR саласы мамандарының халықаралық конференциясы басталды

Елордада HR саласы мамандарының он төртінші халықаралық конференциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күнге жалғасатын жиында сарапшылар мен алпауыт компания басшылары қызметкерлерді басқару ісіндегі соңғы трендтерді талқыламақ. Нақтырақ айтқанда, бақытты қызметкерлердің еңбек өнімділігі 12, ал тиімді жұмыс істеуі 31 пайызға жоғарыламақ. «Бұған қоса олардың сырқаттану көрсеткішін 30 процентке төмендету көзделген», – дейді жиынға қатысушылар.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы:

– Былтырғы конференцияда өзіміз үшін бірқатар маңызды мәселені түртіп алдық. Мәселен, үміткерлерді таңдауда ашықтықты қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл қадам компания жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етті. Біздің сол кезде алға қойған мақсатымызды сіздер жан-жақты талқылайсыздар деп ойлаймын. Сондай-ақ жыл бойы істелген жұмыстың нәтижесі үшін біздің HR мамандарға алғыс айтқым келеді. 

Анар Мұхамеджанова, «Самұрық-Қазына» АҚ департамент директоры:

– Біздің конференциямыз тек қана «Самұрық-Қазынаның» мекемелеріне арналған емес. Бұл – Қазақстандағы көп мамандардың бас қосуы. Алған тәжірибесін біздің Қазақстан бойынша басқа мекемелерге үлесін қосып біздің мемлекетімізді дамытыса, кадр саясатының мақсаты сол.

Хабар 24 телеарнасы