378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысына қарасты екі ауданда газ құбыры жарылды

  • 173
Түркістан облысына қарасты екі ауданда газ құбыры жарылды

Түркістан облысының Қазығұрт және Төлеби аудандарының халқы 2-3 тәуліктен бері көгілдір отынсыз отыр.

Өйткені екі ауданда да газ құбыры жарылған. Төлеби ауданына қарасты 20 ауылға қазір газ тарату тоқтатылған. Мұндағы апат Шымкентпен шекаралас Тоғыс елді мекенінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жер қазып жатқан экскаватор машинасы газ құбырды тесіп өткен. Соның салдарынан 8 мыңнан астам жеке үйлер, газ таратушы 11 бекет және 14 өндіріс орны мен 115 коммуналдық мекемеге көгілдір отын жеткізу тоқтаған. Ал Қазығұрт ауданында электр жарығын тартпақ болған мердігер мекеме газ құбырын бұзып кеткен. Салдарынан ауданға қарасты 23 елді мекеннің тұрғындары табиғи газсыз отыр. Аудандық коммуналдық шаруашылыққа жауапты Бақберген Құралбаев газ  қысқа мерзімде берілетін жеткізді. Ал Төлеби ауданына қарасты Тоғыста болған апатқа қатысты газ таратушы мамандар кеткен шығын өтелмесе, әзірге көгілдір отын берілмейді дейді.

Бақберген Құралбаев, Қазығұрт аудандық ткш жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Қысқа мерзімде елді мекендердің барлығына газ беріледі. Аудан әкімі жағдайды жеке бақылауына алып отыр. Зақым келтірген мекемеге арнайы хат жолданды. Ол бойынша кепілдік хат беріп жатырмыз.

Айбек Ерғали, газ таратушы мекеменің бас инженері:

– Газ құбырына қауіпті заң талабы сақталмаған. Халыққа барлық жерден жер беріп тастаған. Ол қауіпті нәрсе. Газды біз қоспаймыз. Неге десеңіз, кінәлі азамат шығынның барлығын өтеп беруі керек. Жұмыстарымыздың барлығын өндіріп бергеннен кейін газды қосуға дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы