378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда полиция қызметі жетілдірілмек

  • 96
  • UPD: 10:30, 01.05.2019
Павлодарда полиция қызметі жетілдірілмек

Павлодар облысының Полиция департаменті халықпен жұмыс істеудің жаңа форматын енгізді.

Енді ішкі істер органдарына шағымданған азаматтар арнайы қабылдау орнына келіп, сапалы кеңес алу мүмкіндігіне ие. Тіпті, басшылыққа қабылдауға да жазыла алады. Фронт-кеңседе отыратын мамандар кезекшілікпен жұмыс істейді. Халыққа қызмет ететіндердің қатарында тергеу, криминалды, әкімшілік және көші-қон полициясының мамандары бар. Жыл соңына дейін осы тектес кеңселер шағын қалалар мен аудан орталықтарында да ашылмақ.

Амантай Әубәкіров, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Фронт-кеңсені ашудағы мақсат – халықтың сенімінен шығу. Себебі, бүгінде азаматтарымыз көбіне кезекшілік бөлімшелердің көмегіне жүгінеді. Ал мамандардың жүктемесі көп, үлгермей қалуы мүмкін. Ал бұл жерде арнайы ұжым жасақталып, халыққа сапалы қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы