378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы салтанатты шеруде 40 мыңнан астам адам сап түзеді

  • 211
  • UPD: 13:53, 07.05.2019

Тұтастық пен татулық туын биікте желбіреткен Жайық жұрты да бірлік мерекесін шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оралдың орталық көшелерінің шырайын бүгін аймақтағы еңбек ұжымдары келтіргені рас.

Қаламыздың бас көшесі Нұр-Сұлтан даңғылында биыл да шаттық шеруі. Этномәдени бірлестік өкілдері мен еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйым белсенділері мен студент жастар сап түзеп, бірлік мерекесін лайықты атап өтіп жатыр.

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шеруде 40 мыңнан астам адам сап түзеді. Татулық тұтқасына айналған ассамблея өкілдері осы көштің алдыңғы шебінен табылды. Бірлігі жарасқан сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің мақсат-мұраты бір. Ой-пікірі де ортақ.

Ақжайық өңірі бүгінгі таңда 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілінің ортақ қонысы, 51 этномәдени бірлестік жұмыс істеп тұр. Шараға жиылған халықтың назарына мерекелік концерт пен театрландырылған көрініс ұсынылды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы