387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канелоның» бапкері Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді

  • 400
  • UPD: 14:12, 01.05.2019
«Канелоның» бапкері Головкиннің Санчеспен жұмысын тоқтатқанына қатысты пікір білдірді Fightnews.info

WBC, WBA (Super) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің (51-1-2, 35 КО) бапкері Хосе «Чепо» Рейносо қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) Абель Санчестен кеткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, екі тарап 2010 жылдан бастап жұмыс істеген болатын. Головкин өз шешімін кәсіби деңгейін арттыру ниетімен түсіндіріп отыр. Ал Санчес оны «ашкөздік пен сараңдықтың» кесірі деген еді.

«Меніңше, олардың арасындағы «махаббат» жалған болды. Сен ақша үшін кетсең, оның түкке тұрғысы жоқ. Ақша бірінші орынға шықса, ол – нағыз әзәзілдің ісі», – деді Рейносо FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Хабар 24 телеарнасы