383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда кинематография саласы қалай дамуда?

  • 134
  • UPD: 17:38, 22.05.2019
Қазақстанда кинематография саласы қалай дамуда?

Қазақстанның деректі журналистика мен кинематография саласында талантты және билікті мамандар өте көп.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиафорумда режиссер, кинопродюсер Сергей Бодров мәлімдеді. Кинематографияның мэтрі соңғы уақытта отандық режиссерлар мен актерлардың өздеріне ерекше назар аудартып жатқанын атап айтты. Олардың еңбектері Достастық елдерінде ғана емес, шетел сахнасында да көрсетіліп жатыр.

Сергей Бодров, кинопродюсер:

– Қазақстандық киномамандардың кәсіби әлеуеті үлкен. Қазір үлкен студия салынбақ. Кино қоры жасалып жатыр. Мемлекет қазақстандық киноиндустрияның дамуына көмектесіп жатыр. Нәтиже де алыс емес деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы