383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде сайлаушылар тізімін түгендеу жұмыстары жүріп жатыр

  • 134
  • UPD: 08:42, 24.05.2019

Семейде алдағы саяси науқанға дайындық қызған шақ.

Қаладағы 149 сайлау учаскесінде сайлаушылар тізімін түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Орталықтағы нөмірі 256-сайлау учаскесінде 1693 тұрғын дауыс беруге құқылы. Оның ішінде 28 сайлаушының үйіне көшпелі жәшік апару көзделген. 8 азамат алғаш рет дауыс бермекші. Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше мән беріліп отыр. Олар үшін арнайы автотұрақ, пандустар және жол нұсқаушылар қарастырылған. Сайлау учаскелеріне келіп өздері туралы ақпаратты нақтылап жатқан қалалықтар да аз емес екен.

Мұрат Жеңісұлы, N256 сайлау учаскесі төрайымының орынбасары:

– Әрбір өзімізге қарасты учаскелерде біздің участок жайында ақпараттар ілінген. Онда телефондар, мекенжайымыз, қайда хабарласып білуге болатыны туралы толық берілген. Барлық тізім толтырылып, мобильді топтар бөлініп, әркімге жеке комиссияға бекітілген үйлер бойынша жұмыстар жүргізілді. Сайлауға дайындық біздің участокта қызу жүруде.

Хабар 24 телеарнасы