389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы мал қырылған аймақта вакцина жоқ

  • 277
  • UPD: 23:27, 29.05.2019
Атыраудағы мал қырылған аймақта вакцина жоқ Мой город

Атырауда ірі қараның өлімі тіркелген ошақта әлі күнге дейін санитарлық-алдын алу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр Долголовец шаруашылығының біраз малы белгісіз себептермен қырылып қалған еді. Ал биыл көрші шаруашылықтарда да шығын бар. Ветеринарлар аурудың себебін тек осы жылдың сәуір айында ғана нақтылап, вирусты диарея және ринотрахеит деген диагноз қойды. Енді мал дәрігерлері ауру тараған аумақта уақытша шектеу жариялап, тиісті шараларды бастауы керек. Алайда вакцина болмай отыр. Сонымен қатар мамандар шаруашылық басшысын қырылған мал саны туралы жалған ақпарат берді деп те айыптап отыр.

Жұмабек Қуанышев, қалалық ветеринария бөлімі басшысының м.а.:

- Біз дәріні күтіп отырмыз. Осы аптаның 1-2 күндері сол дәрі келеді. Сол бойынша ветеринариялық толық жұмыстар атқарылады. Оның ішінде дезинфекция шаралары және малды  егу, вакцинация жүргізіледі. Біздің мәлімет бойынша Ирина Долголовецте шығын болған мал саны 48 бас. Әрі қарай анықтау жұмыстарымен 90 басты біз әлі тексереміз.

Хабар 24 телеарнасы