389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы сауда орталықтарында кітап алмасу сөресі ашылды

  • 248
  • UPD: 15:31, 06.06.2019
Қостанайдағы сауда орталықтарында кітап алмасу сөресі ашылды

Қостанайдағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарында ашық кітап сөрелері пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жерден кез келген адам көңілінен шыққан туындыны уақытша алады. Немесе басқа кітаппен алмастыруға болады. Әзірге көпшілік орындарда жалғыз сөреден қойылған. «Болашақта кітап қорын бірте-бірте ұлғайтамыз», – дейді ұйымдастырушылар. Және бұл жобаға белгілі тұлғаларды, қоғам қайраткеткерлерін көбірек тарту жоспарда бар.

Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Буккроссинг жобасы біздің қалада алғашқы рет өтіп жатыр. Негізгі мақсат – кітап оқуды насихаттау. Біз студент, мұғалімдерден сұрап, үйдегі кітаптарды алып келдік. Біз осылай бастадық. Жұрт өздері осы жерге кітап әкеледі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы