384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 10 бастамаға ақтөбелік жастар үн қосты

  • 184
  • UPD: 18:02, 15.06.2019

Ақтөбелік жастар Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді орындауға қал-қадірімізше атсалысамыз деп отыр.

Бүгінде өңір тұрғындарының 24 проценті – 14 пен 29 аралығындағы жастар. Білім, медицина, спорт және кәсіпкерлік салаларында кейінгі буынның белсенділігі артып келеді. Тек былтырдың өзінде, 165 жобаны іске асырып, 500-ден аса адамды жұмыспен қамтыған.

Нұрлан Күнтуов, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

– Президент «Президенттік резерв» жөнінде ұсыныс бекітті. Бұл ұсынысты біз қолдаймыз. 29 жасқа дейінгі түрлі салада жақсы нәтижелерге жеткен жастарымыз жеткілікті. Ол спорт, әлеуметтік сала, журналистика болсын, өз тарапымыздан қазіргі күні облыстың белсенді жастарымыздың тізімін қалыптастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы