384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Сапар орталығы салынып жатыр

  • 154
Түркістан облысында Сапар орталығы салынып жатыр

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой түзеген нысанның құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған болатын.

Қазір шығыстық үлгідегі орталықтың жұмысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Екі қабатты ғимарат сәулеттік ерекшелігімен көз тартады. Мұнда тарихшылар мен археолог-ғалымдар жұмыс істейді. Ғимараттың астыңғы қабаты мен жертөлесіне ғалымдардың жұмыс істеуіне ыңғайлы зертханалар орналасады. Орталық толықтай заманауи техникамен жабдықталады. Мұнда ғылыми архив, дәріс залы, қор сақтайтын бөлмелер, шеберханалар қарастырылған. Ал үстіңгі қабатында қонақтарды қабылдау мен жиын өткізуге арналған конферция және көрме залдары болады. Нысанның  жобалық құны – 800 млн теңге. «Сапар орталығын салудағы басты мақсат – Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде насихаттау, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру», – дейді мамандар. Сондай-ақ сапар орталығының жанынан ғылыми қызметкерлерге арналған жатақхана да салынып жатыр.

Әбдіразақ Жанбосынов, мердігер мекеменің директоры:

- Жатақхана 2 қабатты. Ішінде 8 бөлме бар. Бұл жерге көбінесе зерттеуші археолог мамандар жатады. Құрылыс өз уақытымен жүріп жатыр. Аяқталуы 2019 жылдың 20 шілдесіне бітеріміз.

Хабар 24 телеарнасы