384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 6 мың 600-ге жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алады

  • 147
  • UPD: 08:36, 24.06.2019

Соның басым бөлігі көп балалы отбасы мүшелері.

Одан бөлек тұрғын үйге зәру жандарды баспанамен қамту мәселесі де өңірде оң шешімін тауып келеді.

Апалы-сіңлілі Дильназ бен Алинаның салған суреттерінен «жеке үйіміз, өз бөлмеміз болса» деген арман-тілектерін анық аңғарасың. Себебі, көп балалы Тәйіповтар отбасы ұзақ жылдардан бері пәтер жалдаудың тауқыметін тартып келген. Енді жергілікті әкімдік пен бизнес өкілдерінің көмегінің арқасында үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болды.

Айнагүл Тәйіпова, көп балалы ана:

– Мұнда барлық жағдай жасалған. Ыстық су, газ қосылған. Ауламыз таза, бақшамыз бар. Гараж, шағын қора салынған. Құс ұстауға болады.

Биыл тағайындалған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің арқасында Тәйіповтар отбасының материалдық жағдайы да қазір біршама оңалған. Төрт баланың әрқайсысына ай сайын 20 мың 789 теңге алады. Ал Айнагүл қосымша аспазшы мамандығын игеріп жатыр. Жалпы, Қарабалық ауданында 77 көп балалы отбасы бар. Соның 33-і атаулы әлеуметтік көмекке ие. Одан басқа да қолдау түрлері аз емес. 

Азамат Жиеналин, Қарабалық аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

– Бізде 6 көп балалы отбасы баспанаға зәру. Соның екеуі жақында жаңа қонысқа көшті. Қалған төрт отбасының да тұрғын үй мәселесін жыл аяғына дейін толық шешеміз.

Ал облыс бойынша осы жыл ішінде отыздан астам көп балалы отбасы баспаналы болды. Бұл мақсатқа демеушілер 70 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы