389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі 54 қабылдау бекеттерінде арыстық 35055 азамат тіркелген

  • 267
  • UPD: 17:32, 27.06.2019

Шымкентте төтенше жағдайлар департаментінің жанынан құралған жедел штаб тәулік бойы тұрақты жұмыс атқаруда.

Штабтың құрамында барлық саланың өкілдері бар. Олар шаһардағы ақуалды бақылауда ұстап, соңғы түскен ақпараттардан хабардар болып отырады. Сондай-ақ осы орталықта жедел желі қолға алынған. Оған дәл осы уақытқа дейін 54 мыңнан астам қоңырау шалынған.

Нұрбек Байбосын, тілші:

– Мұнда хабарласқан халыққа ең әуелі телефон арқылы да мамандар психологиялық көмек көрсетуде. Мұнда сондай-ақ қаладағы 54 қабылдау пункттерінің жұмысы осы жерден үйлестіріліп отыр. Штабтағы әр маманның жұмысы қауырт мұнда. Олар күндіз-түні осында жұмыс жасауда. Дағдарыс орталығындағы телефондарға да қазір тыным жоқ. Жедел желіге 54 мыңнан астам қоңырау түскен. Мұнда хабарласқан азаматтардың бірі мәселесін айтып сұрақ қойса, енді бірі өз ұсыныстарын білдіріп, кейбіреуі көмектесуге ниеттерін білдіруде.

Шымкентте қазіргі 54 қабылдау бекеттерінде Арыс қаласынан келген 35055 азамат тіркелген. Ал осы бекеттерге қазіргі таңда орналастырған тұрғындар саны – 4481 адам. Оның ішінде 2862-сі – жас бала.

Хабар 24 телеарнасы