384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да халықтың 88%-і суды орталықтандырылған құбырдан алады

  • 158
  • UPD: 21:36, 03.07.2019

Шығыс Қазақстан облысында ауылдарды ауыз сумен қамту мәселесі әлі өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адам саны 50-ден 200-ге дейін жететін шағын қыстақтардың тұрғындары тіршілік нәрін тасып ішеді. Жалпы аймақтағы халықтың қазір 88%-і суды орталықтандырылған құбырдан алады. Бірақ бұл көрсеткішті негізінен қалалар қалыптастырып отыр. Өңірде мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасының қалай орындалып жатқанын баяндайық.

Ахмер кентінің ауыз су, жол жарыққа жарымай отырғанына 10 жылдан асты. Бұл жердегі тұрғындардың көбі жер телімін алып баспана салған Алайда қазір ең негізгі проблема су. Осы маңдағы отбасылардың бәрі жергілікті имамның ауласындағы жалғыз құдыққа қарап отыр.

Гүлжан Уәйісова, Жаңа Ахмер кентінің тұрғыны:

- Ол жерден енді қашанғы ала береміз? Біз бір-екі көрші болса жарайды. Барлығы осы ауылдың бәрі осы жерден су аламыз. «Енді ол ішуге жарайды», дейді біреулер. Біреулер «жарамайд» дейді. Оны білмейміз.Бірақ ішіп отырмыз. Біз ризамыз ол балаға. Біз де бәрі жаңарып жатқанда біз әлі қолмен кір жуып жүрміз. Бізде машина қойып бәрін жасағымыз келеді. Бізде бірақ ондай жағдай жоқ.

Раушан Қисықова, Жаңа Ахмер кентінің тұрғыны:

- 2014 жылы біз өзіміз скважина қазып алдық. Оның суы дұрыс болмай тұз шығып кетті. Оны іше алмадық. Содан әлі күнге дейін балшық болса да, қар жауып тұрса да, сумен алысып тасып жүрміз. Қашан жақсылық болады деп тосып отырмыз.

Жаңадан бой көтерген елді мекенге су құбырын тарту былтыр бысталған. Астаң-кестең қазылған жол бойындағы құдықтардың көбі ашық, ішіне су толып тұр.

Былтыр тамыз айында бастаған. Әр құдықтың беті ашық. Жаз өтті, қыс өтті. Қауіп төндіріп тұр.

Ал аймақтағы ауыз су мәселесін шешу үшін құны 17 миллиард теңге болатын 68 жоба жасалған. Қазір қала халқының 97,8%, ал ауыл тұрғындарының 73% орталық құбырдан су алып отыр. Тұрғындар саны ең аз 45 ауылда блоктық-модульдік станцияларды орнату  жоспарлануда.

Асхат Бұхатов, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда 50-ден жоғары адамдары бар ауылдарды сумен қамтаамсыз ету. Одан соң барып келесі мәселеге ауысатын болады. Бүгінгі жоспар барлық елді мекендерді 2021 жылға дейін 91% сумен қамтамасыз ету болып табылады.

Өскемен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының айтуынша, жаңа Ахмер кентіне су құбырын тарту биыл аяқталады. Осыдан соң әр отбасы үйге суды өзі кіргізуге міндетті. Ал ашық жатқан құдықтар да сол кезде жабылады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы