389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста 804 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді

  • 265
  • UPD: 15:43, 13.07.2019

Арыс қаласында 804 үйге жөндеу жұмыстары жүріп, қалпына келтірілді.

Бұл 2019 жылғы 13 шілдеге келіп түскен дерек, деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына 5346 құрылысшы және 23 арнайы техника бірлігі тартыған. Олар 3512 жеке тұрғын үй құрылысы нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіріп жатыр. Құрылысшылар соңғы тәулікте тағы 280 үйді жөндеді. Ал 1610 құрылысшы 62 әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруде. Олардың елу үші оқу-ағарту саласының ғимараттары, 6 денсаулық сақтау саласына қарасты мекемелер. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, күн сайын үйлерге мониторинг жасалып, құрылыс барысына бақылау жүргізілетінін айтты. Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық зақымданған және қираған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы керек.

Хабар 24 телеарнасы